АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 02.11.2015


МЕРЕЙЛІ 85 ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Күні: , 256 рет оқылды

12193496_1514677408843837_189811231739084636_n1 қараша күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр еңбек ардагері, көп жылдар бойы ауданымыздың дамуына елеулі үлесін қосып, еңбек еткен Ихсан Құтхожинді 85 жас мерейтойымен құттықтады. Аудан әкімі, -сіз біздер үшін үлгі тұтар жансыз. Сіздің еңбек жолыңыз адал да қажырлы істерге толы. Деніңіз сау, ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын, -деген тілегін жеткізді.Сондай-ақ Нұрлан Мағазұлы Ихсан Құтхожинге алғыс хат табыс етіп, иығына шапан жапты. Осы кездесуде сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, мерейтой иесімен жұмыстас болған ақсақалдар Тұрақбай Дүйсенов, Есімхан Меңешов, Сағидолла Мырзағалиев естеліктерімен бөлісіп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар Қазталов ауылдық окруі әкімінің орынбасары Айбек Керешев құттықтау 12189776_1514677528843825_753953246917210116_nхат пен естелік сыйлық табыс етті. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ФУТБОЛШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 170 рет оқылды

12191015_1514039335574311_3535652774538908957_nБатыс Қазақстан облыстық футбол чемпионаты басталып кеткені баршаңызға аян. Біздің ауданымыздың «Казталовка» командасы іріктеу кезеңінде «Синдикат — Евразия» командасымен кездесті. Шиеленісті ойында қазталовтықтар «синдикаттықтарды» 5:2 есебімен күйрете жеңген болатын. Осыған орай 30 қазан күні Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр футболшыларды қабылдап, олардың келесі кездесулеріне сәттілік тіледі. Сондай-ақ аудан әкімі командаға аудан тарапынан қолдаулар болатын да жеткізді. «Казталовка» командасы 7-8 қараша күндері келесі кездесуін өткізеді. Әзірге қазталовтықтар топтағы 10 команданың арасында 2-ші орында тұр.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


«Туған елге тағзым»

Күні: , 136 рет оқылды

12191452_1513954812249430_2798688207775177276_n29 қазан күні аудандық мәдениет үйінде облыстық жастар шығармашылық орталығының көркемөнерпаздары қазталовтықтарға «Туған елге тағзым» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл, Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 90 жыл және басқа да мерейтойларға байланысты өткізілген мерекелік концерт шағын сахналық көрініспен басталды. Асхат Оразов сынды дәстүрлі әншінің әні түрлі ұлт өкілдерінің билерімен жалғасып, көрерменнің көңілінен шықты. Жерлес әншілеріміз Айбар Қайырханов, Альберт Ғазизжанов, Нұржан Тасболатов шырқаған әндері залды қошеметке толтырып жіберді. Концертті тамашалауға келген көрермендерді «Батыс Star» тобы «Самға, қазақ елі!», «Алға, Қазақстан!», Венера Исламғалиева «Шай ішіп кетсең қайтеді…» әндерімен баурап алды. Концерт Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әнімен аяқталды. 12063782_1513954758916102_8912255906395213484_nМерекелік сазды бағдарлама соңында сахнаға көтерілген облыстық жастар шығармашылығы орталығының директоры Бауыржан Халиолла ұжымның өнерін жоғары бағалап, алтын уақыттарын бөліп келген қазталовтық көрермендерге ризашылығын білдірді. Киелі Қазталов жеріне келіп, көрермендерге көңілді кеш сыйлаған облыстық Жастар шығармашылығы ұжымына аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр алғыс білдірді.

Мөлдір ТӨЛЕКЕНОВА


Ауыл әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Күні: , 164 рет оқылды

12193272_1682588395346242_1039037781767677918_n29 қазан күні Жалпақтал әкімшілігінің мәжіліс залында ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин кәсіпкерлермен бас қосты. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге өте жоғары дәрежеде қолдау көрсетілуде. Жалпақтал ауылындағы кәсіпкерлер өз бизнестерін дамыту үшін біркелкі жұмыстар атқаруда. Бұрыңғыдай тауар тасымалдауда еш қиындық көрмейді деп ойлаймыз. Себебі асфальт жолымыз жылдан-жылға жақындап келеді. Кездесуде кәсіпкерлер ауыл әкіміне өздерінің сұрақтарын, пікір-ұсыныстарын айтып, нәтижелі жауаптар алды. -Қазіргі уақытта орталық көшелерімізде мейрамханалар және басқа көшелерде орналасқан жеке дүкендердің айналасын көріктендіріп, жарықтандыруға өз үлестеріңізді қосаңыздар деймін. Сонымен өз ғимараттарыңызды талапқа сай көріктендіріп, алдына тал, гүл егу және түнгы жарық орнатылса қандай керемет. Ауылымызға сән беріп тұрады. Қай ауылдың тұрғынын алсақ та, таза ауамен демалып, ластанбаған, көрікті ортада өмір сүргісі келеді. «Тазалық-денсаулық кепілі» демекші, салауатты өмір салтын ұстану – өзіміздің қолымызда. Сондықтан жа барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла еңбектенсек, ауылымыз одан сайын дами түседі,-деді ауыл әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы.12189023_1682588415346240_942456034908779063_n

Салық төлеуге салғырт қарама

Күні: , 256 рет оқылды

12189783_1682582742013474_4397128387508474036_n29 қазан күні Қазталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Жанар Мұқанова Жалпақтал ауылының мәжіліс залында ауылымыздың кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесуге бөлімнің мамандары, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин қатысты. Халық пен салық егіз ұғым. Екеуінсіз мемлекеттің болашаққа көз жүгіртуі мүмкін емес. Сондықтан мемлекет құрылысының өзгеруі, өркендеу қашанда салық жүйесінің құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер боп табылатын салыққа сол себепті, бей-жай қарауға болмайды. Кездесу барысында бөлім басшысы Жанар Талапқызы алкольдік ішімдік сатуда арнайы лецензия, кассалық аппарат болу керектгін ескертіп айтты. Жиында кәсіпкерлер өздерінің сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. -Халық қазынасы салықтан құралады. Осыны біле тұра салық төлеуге салғырттық танытамыз. Кейбір тұрғындар көлік иелері темір тұлпарларына тиісті салығын төлемеген. Сонымен қатар үй мен жер салығын төлеуде де кемшіліктер бар. Ортақ қазан ортаймасын десеңіз салықты дер кезінде төлеген дұрыс,-деген бөлім басшысы ай сайынғы есептерін дұрыс тапсыру керектігінде айтып өтті. Мұнан кейін бөлім басшысы Жанар Талапқызы кәсіпкерлерді жекелеген сұрақтар бойынша қабылдау жүргізді. Сонымен қатар ауымыздағы азық-түлік, киім-кешек дүкендерін аралады

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ, Жалпақтал ауылы


Ақсақалдар алқасымен кездесті

Күні: , 248 рет оқылды

12049697_1682313775373704_6370211701245631979_n28 қазан күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, ауданымыздың ардақты ақсақалдары, ардагерлер қауымымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, аудандық мәслихат депутаттары, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин қатысты.

Қазақ үлкенінің қадірлісін ақсақал деп әспеттеген. Қазақтың қаншама ғасырлар иінінде қалыптасқан әдет-ғұрпы қашандада халықтың рухани азығы, қажетті мұрасы. Оны халық өмірінің айнасы десе болғандай. Әдет-ғұрыптан бастау алатын ақсақалдар алқасы институтының қазақ қоғамындағы орны етене бөлек, маңызы айрықша еді. Төртеу түгел, бесеу бүтін болсын дейтін ол қоғамның ұйымдық қажеті үшін 2010 жылы заңды түрде құрылып, қала берді өмір заңдылығы, ел ішінде болып жататын құбылыстарын жіті аңдап пайымдап отыру үшін құрылды. 14 мүшесі бар ақсақалдар алақасының төрағасы болып Әлібек Қоңырбаев атқарып келді. 12188888_1682313772040371_5865238101246230491_nЖиында ақсақалдар алқасы төрағасы Әлібек Қоңырбайұлы алқаның міндеті, атқарылған жұмыстар жайында айтылып, оның өтініші бойынша жаңадан төраға сайлау ұсынысқа енгізілді. Аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы жиналғандардың ұсыныстарын дауысқа салды. Көпшіліктің ұйғарымы бойынша аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы болып Нағым Ризуанов сайланды. Кездесуде ақсақалдар толғандырып жүрген мәселелерін айтып, мұның ішінде ауызсу, тағы да басқада мәселелерін сөз етті. Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, зейнеткерлер Есімхан Меңешев, Тұрақбай Дүйсеновтер сөз сөйлеп, жаңа төрағаға сәттілік тіледі. Сонымен қатар ақсақалдар алақасының мүшелігіне Ғилым Едекешев тіркелді. Кездесу барысында ақсақалдардың ұсыныстарын тыңдаған аудан басшысы өз кезегінде шешілетіндігін айтты. Өмірде көргендері мен түйгендері бар, бай тәжірибелі жандармен кездесіп, ақыл-кеңес алу жаңа бір мүмкіндіктерге жол ашатынын айтқан Нұрлан Мағазұлы ақсақалдарға алғысын білдірді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ, Жалпақтал ауылы


Самбо күресінен аудан біріншілігі

Күні: , 196 рет оқылды

12141604_1682083948730020_3990231037303871033_nЖуырда Қазталов ауылының спорт кешенінде 2005-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында самбо күресінен аудан біріншілігі оздырылды. Аудан біріншілігіне Талдықұдық, Қазталов, Тереңкөл, Қоныс, Жалпақтал ауылдық округтерінен 9 салмақ бойынша 50 жуық палуандар қатысты. Салтанатты шараның ашылуында аудандық спорт мектебінің самбо күресінің аға жаттықтырушысы Жанболат Нұрқашев сөз сөйлеп палуандарға сәттілік тіледі. Ал жарыстың бас төрешісі Қадырбек Кенжеғалиев жарыстың өту барысымен таныстырып өтті. Тартысты өткен сайыста жеңімпаздар анықталып, нәтижесінде 20 келі салмақта жалпақталдықтар Расул Анарбек, 23 келіде Нұржалғас Русланов, 26 келі салмақ дәрежесінде Батырхан Жақсылықов және «Ең үздік шеберлігі үшін», 29 келіде Азамат Сергей, 35 келіде Мирас Тасанов, қазталовтық Досымжан Ишанов 32 келі салмақта І орын иегерлері атанды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер спорт мектебінің дипломдарымен медалдарымен марапатталды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ, Жалпақтал ауылы


Жаңажолда қайырымдылық концерт өтті

Күні: , 214 рет оқылды

12193535_1682070682064680_7042516963216361149_nЖақында Жаңажол ауылдық округінің «Шаттық» бөбекжайының ұйымдастыруымен мәдениет үйінде «Аман бол асыл қарттарым» атты қайырымдылық концерт өтті. Қарттарымызды құрметтеу, олардың қажеттіліктеріне жарай білу, әрқашанда сыйлау – қоғамдағы жас ұрпақтың міндеті, борышы. Өскелең ұрпақтың кемеңгер ақылшысы – аталар мен әжелер үнемі көңіл бөлуді, назар аударуды, олармен тілдесіп отыруды қажет етеді. Өз мұң-мұқтажы, айтар ақылы мен үлгі тұтарлық өнегесі бар. Ардагерлердің жағдайын сұрап, оларға көңіл бөлуді «Шаттық» бөбекжай ұжымы жадынан шығарған емес. Осынау шарада Жаңажол ауылдық округінің әкімі Арман Болатұлы өз алғысын білдіріп, ардақты қарияларымызға амандық тіледі. Тамаша ұйымдастырылған концертте бөбекжайдың бүлдіршіндері ән-тақпақтарын айтса, бөбекжайдың тәрбиешілері кереметтей көрініс қоя білді. Сонымен қатар бүлдіршіндердің ата-аналары да осы қайырымдылық концертіне атсалысты. 12191700_1682070688731346_5500609138671080555_n-Бүгінгі игі шарада бөбекжай ұжымының тәрбиешілері, бүлдіршіндеріміз және олардың ата-аналары қарияларымызға барынша қолдау көрсетіп, бірлесіп өқткізіп отырмыз. Қарияларымызға концерт ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайып, оларға көтеріңкі көңіл күй, құрмет көрсету болып табылады,-дейді бізбен әңгімесінде «Шаттық» бөбекжайының меңгерушісі Балия Алдабергенова. Мерекелік концертке риза болған қариялар, шара соңында ризашылығын жаудырып, көк туы желбіреген қазақ елі мен халқына ашық аспан, ел амандығын тіледі.

Тұрарбек АҚМУРЗИН, Жаңажол ауылы


Ашық аудандық чемпионат

Күні: , 504 рет оқылды

12188997_1681816905423391_6954544153598563570_n24 қазан күні Жалпақтал ауылының аудандық спорт мектебінің залында 1999-2000 жылы туылған жасөспірімдер арасында волейболдан ашық аудандық чемпионат өтті. Бұл жарыстың мақсаты волейбол ойынын одан әрі дамыту және кеңінен тарату. Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттап, спортшылар мен командалардың ойын шеберлігін арттыру болып табылады. Спорт мектебінің жоспарға сайы өткен ашық аудандық чемпионатқа Орал қаласынан, Жәнібек, Теректі аудандарының командалары, ауданымыздың ауылдық округтерінен Бостандық, Қайыңды, Көктерек, Қарасу, Қараөзен, Жаңажол, Ақпәтер, А.Оразбаев атындағы орта мектептің командасы, Жалпақтал колледжі, аудандық БЖСМ-І, БЖСМ-ІІ командалары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, БҚО жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы Равиль Жалелов, аудандық спорт мектебінің директоры Айбар Мұғалбаев командаларға сәттілік тілесе, жарыстың бас төрешісі Тимур Бақтығалиұлы командаларды ойын ережесімен танысытырды. Ойын тартымды да, қызықты өтті. Ойын жеребе тарту арқылы үш жерге бөлініп, аудандық спорт мектебінің залында, Жалпақтал колледжінде және Ғ.Молдашев атындағы орта мектептің залдарында өтті. Бағы мен бабы келіскен ойын өз нәтежесін көрсете білді. Қараөзен ауылынан келген команда ІІІ орынды қанағат тұтса, Жәнібек ауданы мен аудандық БЖСМ-І командалары финалдық ойында кездесті. Нәтижесінде Жәнібек ауданынан келген волейболшылар І орын алса, аудандық БЖСМ-І командасының ойыншылары ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар жекелей номинациялар бойынша Жәнібек ауданының волейбол тобының жаттықтырушысы Назарбек Ишанқұлов «Үздік жаттықтырушы», теректілік Руслан Хамзин «Үздік қорғаушы», аудандық БЖСМ-І командасының ойыншылары Әлішер Өтегенов пен Руслан Мақсотов «Үздік шабуылшы», «Үздік тосқауылшы», жәнібектік Бекзат Досумов «Үздік ойыншы», Қараөзен ауылының ойыншысы Арман Шафхатов «Үздік байланыстырушы» номинацияларына ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар және үздік ойыншылар аудандық спорт мектебінің дипломдарымен естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН, Жалпақтал ауылы


ӨНЕР АДАМДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 174 рет оқылды

12190852_1513735638938014_3647023529795645959_n    29 қазан күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр ауданымызға «Туған елге тағзым» атты концертік бағдарламамен келіп жатырған Батыс Қазақстан облыстық Жастар шығармашылық орталығының бір топ көкркемөнерпаздарын қабылдады. Кездесуде Жастар шығармашылық орталығының директоры Бауыржан Халиолла, сондай-ақ ауданымыздан шыққан өнерпаздар Айбар Қайырханов, Альберт Ғазизжанов бұл шығармашылық сапарларының негізгі мақсатын айтып өтті. Сондай-ақ кездесуде аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр өнер адамдарына шығармашылық табыс пен шалқар шабыт тіледі. Концерт 29 қазан күні сағат 19:00-де Қазталов аудандық мәдениет үйінде өтеді. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.