АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: Ноябрь, 2015


КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУГЕ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

Күні: , 368 рет оқылды

30 қараша күні аудандық білім бөлімінің ұжымы Елбасының Жолдауын зор ынтамен тыңдады. 2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасы басталатынын жариялаймын, — деді Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында. Жолдауды түгел тыңдап болғаннан кейін аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин, -бүгінгі мектеп қабырғасында отырған әрбір шәкірт ертеңгі күнде кәсіпті жан-жақты игеретіндей тәрбие алып шығу керек, -деген ойын түйіндеді. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ12278876_1524160617895516_2997485556027860641_n

ЕЛІМІЗ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДА ЗОР ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТТІ

Күні: , 288 рет оқылды

30 қараша күні Елбасының халыққа арнаған Жолдауын Қазталов аудандық орталық ауруханасы ұжым болып тыңдады. Жолдауда Елбасы соңғы он жылдың ішінде адамдардың денсаулығын сақтауда үлкен жұмыстар атқарылғанын атап көрсетіп, Қазақстанда адамның орта есеппен өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін өскенін айтып өтті. Бұл – адамдар денсаулығына деген қамқорлық болып табылмақ. Сонымен қатар 2016 жылдан бастап дәрігерлердің де жалақысының өсетінін айтып кетті. Жолдаудан туындайтын міндеттер туралы осы жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудандық орталық аурухананың директоры Қайырбай Алтаев, — Жолдау адамдар денсаулығының сақшыларына бұрынғыдан да зор міндеттер жүктейтініне тоқталып, пікірлерін жеткізді. Қайрат ЖАҚЫП12278669_1524159084562336_8480648721559499707_n

«БІРІМІЗ БӘРІМІЗ ҮШІН, БӘРІМІЗ БІРІМІЗ ҮШІН»

Күні: , 360 рет оқылды

12308245_1524157554562489_5601080331349699766_n30 қараша күні «Нұр Отан» партиясының Қазталов аудандық филиалының мәжіліс залында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын нұротандықтар ықылас қоя тыңдады. Жолдауын жариялауды бастаған Елбасы Н. Назарбаев cөз басында бүгінгі әлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен ұштасып отырғанын атап өтті. Президент алпауыт елдердің өзара санкциялары дүниені тығырыққа тірегенін айтты. Сонымен қатар, Елбасы мұндай аса жауапты сәтте бірліктің сақталуы аса маңызды екенін, сондай-ақ, барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттігін атап өтті. «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделген жоспар болып саналады. Біз де заманның беталысына қарай, межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет. Біздің мақсатымыз — елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету», — деді Н.Назарбаев. Жолдауды тыңдағаннан кейін «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, -Елбасы Қазақстанның алдағы межесі әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру мақсат екенін атап өтті. «Қазақстан-2050» бағдарламасын екі жыл бұрын жариялаған кезде, бұл межеге жетуге жолымызда қиындықтар кездесетінін, соған дайын болып, тиісті шаралар қабылдау керектігін көрсетіп берді. Сондықтан ендігі алдағы істеріміз Елбасының Жолдауында айтқан міндеттермен байланыста болу қажет, -деді. Бұдан кейін сөз алған еңбек ардагерлері Есімхан Меңешов, Тұрақбай Дүйсенов. — Елбасының Жолдауын іске асыруда жастар жалынды еңбек ету қажеттігіне тоқталды. Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ12310646_1524157734562471_8352411326461309794_n

ХАЛЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ «ТАҒДЫР» ҚОЙЫЛЫМЫ

Күні: , 276 рет оқылды

12309816_1523333387978239_1652186831480791452_o27 қараша күні аудандық мәдениет үйінде С.Садықов атындағы халық театры Жолтай Әлмашұлының «Тағдыр» пьесасын сахналады. Пьесада жастық өмірі Ұлы Отан соғысы кезінде майдан даласында өтіп, елге бір аяғынан айрылып, мүгедек болып оралған Адамбек ақсақал, жау қолына тұтқынға түсіп, жолдастары оққа ұшып, олардың алдында өзін кінәлі сезініп, өмірін ар азабымен өткізген Тымырсық қария, ел басына күн туғанда жанын сауғалап, «жеңілдің үстімен» жүруді дағдыға айналдырған Түгелбек шал және әкесі мен бауырларын сұм соғыс жалмап, қайғы жұтса да бар қиындыққа қасқая қарсы тұра білген Ұрқия әженін рөлін театр әртістері — Тауасих Тақаев, Қайрат Абдолов, Оралхан Ерғалиев, Нұрия Хабибуллина өте жақсы сомдады. Бұл төрт қарияның тағдырын тоғыстарған — қариялар үйі. Ақсақал атанып, елден құрмет күтер шақтарында қариялар үйіне тапсырылып, балаларынан күткен үміттері ақталмаса да жарқын болашаққа деген сенімдерін жоғалтпаған кейіпкерлер қазіргі күннің осы бір ащы шындығын көрерменге шынайы жеткізе білді. Жұртшылыққа берер тәлімі мен тәрбиесі мол көріністі сахналаған театр ұжымы мен оның режиссері Данагүл Жұмабаеваға көрермен ризашылығы шексіз. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ
+11

«ҚАЗТЕСТ» БАЙҚАУ СЫНАҒЫ ӨТТІ

Күні: , 252 рет оқылды

12274725_1523232871321624_2687155228511842305_n27 қараша күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығы мен облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Қазтест» байқау сынағы өтті. Сынаққа В1-В2 деңгейі бойынша сертификаттауға тестілеу бойынша — 50 адам және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін байқау сынағы бойынша — 81 адам қатысты. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, мектеп директорлары, ішкі істер бөлімі қызметкерлері, азаматтық қызметшілер бар. Сынақ алдында Ұлттық тестілеу орталығының маманы Нұрбек Нұрымбетов тестілеудің ережелерімен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы «Қазтест» жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалаудың бірден бір жүйесі деп айтуға толық негіз бар. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ
+3

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫНА АУДАНЫМЫЗ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Күні: , 246 рет оқылды

12274407_1523010134677231_4239120807196817642_n20-27 қараша аралығында еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Тұңғыш Президент күніне арналған «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы өтті. Бұл акцияның басты мақсаты – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің басты факторы ретінде қоғамда мейірімділікті, адамгершілік пен риясыз көмек жасауды орнықтыру, қазақстандықтардың, солардың ішінде балалардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейту. 26 қараша күні Орал қаласында өткен облыстық қайырымдылық керуеніне Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр бастаған ауданымыздың қайырымгерлері де атсалысты. Олар Орал қаласындағы зағиптар қоғамында болып, қоғам мүшелерінің жағдайларымен танысып, мерекелік концерт қойды. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева зағиптар қоғамына естелік сыйлықтар табыс етті. -Осы шараға демеушілік жасаған жеке кәсіпкер Абат Малаевқа және мекемелер мен ұжымдарға алғысымыз шексіз дейді, — Самал Қанапияқызы. Акция Қазақ драма театрында қоғамдық келісім кеңестерінің облыстық форумымен жалғасты. Форумда театр фойесінде көрме ұйымдастырылып, әрбір аудан өздерінің қайырымдылық айлығында өткен жұмыстарымен таныстырды. Ауданымыздың ұйымдастырған көрмесі облыс әкімі Нұрлан Ноғавтың қызығушылығын туғызып, өңір басшысы жоғары баға берді. Осы форумда ауданымыздың қадірлі ақсақалы, «Қазталов жәрдем» қорының жетекшісі Тұрақбай Дүйсенов қоғамдық келісімнің белсенді мүшесі ретінде алғыс хатпен марапатталды. Мөлдір ТӨЛЕКЕНОВА

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҮШІН

Күні: , 270 рет оқылды

12294619_1522279638083614_5755078283370069855_n24 қараша күні Қазталов ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазталов, Бөкей Ордасы, Жаңақала, Жәнібек аудандарының кәсіпкерлері өкілдерімен аймақтық кеңес өтті. Кеңес жұмысын аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожин кіріспе сөзбен ашып, кәсіпкерлермен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Кеңесте ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің БҚО бойынша аға прокуроры Ержан Мұхитов, Қазталов ауданы прокурорының орынбасары Адат Мұқанғалиев, Қазталов аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айбек Әкімалиевтер атқарылып жатқан жұмыстар бойынша хабарламалар жасады. Атап айтқанда, кәсіпкерлер құқығын қорғауды қамтамасыз ету саласында, соның ішінде «Бизнес тірегі» және «ЕРСОП» жобаларын құқықтық статистика және арнайы есептер органдарының инновациялық мүмкіндігін таныстыру міндеті қойылып отыр. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметі үшін жағдайды түбегейлі жақсарту жағында тексерістерді жүргізудегі жаңалықтар туралы түсініктемелер берілді. Жалпы, өткізілген кеңес нәтижесі бойынша бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз тексерістерді жою және құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәсіпкерлік белсенділікті және бизнес жүргізу өсімі үшін жайлы жағдай құру күтіледі. Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ12294800_1522279831416928_2623891726194224362_n

«Жасөспірім және құқық бұзушылық» атты дөңгелек үстел

Күні: , 1 787 рет оқылды

12242993_1521981844780060_4807601132407518122_n23 қараша күні Алма Оразбаева орта жалпы білім беретін мектебінде «Жасөспірім және құқық бұзушылық» тақырып аясында дөңгелек үстел өтті. Өзекті мәселені талқылау мақсатында аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Әділбек Ғазизов, аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі тобының учаскелік полиция инспекторы Мержан Тлеубаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрлан Кенжин, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, ата-аналар, 9 — 11 класс оқушылары, мектеп психологтары бас қосты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Инжумаржан Ғазизова күн тәртібінде белгіленген оқушыларға құқықтық тәрбие мен білім беру жолдарының маңыздылығы туралы түсіндіріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу жоспарының құрылуы, нормативтік құжаттар, құқық бұзушылыққа апаратын факторлар, мақсаттар — міндеттермен таныстырып өтті. Осы бағытта мектепте атқарылып жатқан іс-шаралар туралы толық ақпарат беріліп, дәлелдемелер көрсетілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мүмкіндікті пайдаланып, өз ойларымен бөлісті. Мектеп инспекторына құқық бұзушылық туралы сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Гүлфия Көшбаева

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

Күні: , 238 рет оқылды

11054519_1521945324783712_4698338981389322315_nТілсіз жау — өрттің зияны мен қасіреті барлығымызға жақсы таныс. Әсіресе, жаз айларында «қызыл әтештің» күш-қуаты көбейіп, айналасына ылаң салатыны белгілі. Осы орайда ауданымыздағы №19 өрт сөндіру бөлімі барынша іскерлік танытып келеді. Өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Асан Ғұсманов былай дейді: -Бөлімде 14 адам қызмет жасайды. Биылғы жылы 40 өрт оқиғасы болды. Олар уақытылы сөндіріліп, қайғылы жағдайларға жол берілмеді. Бөлімдегі бөлімше командирі Альберт Қайырбаев, қарауылдар Ербол Едресов, Мардан Жұмашев, Әділбек Өмірзақов, Төлеген Бөпішевтер әрдайымда қырағылық көрсетіп келе жатқанын айтқан жөн. Енді бүгінгі өткізіліп жатқан оқу-жаттығу жұмысы өрттің алдын алуға сақадай сай әзірлікті пысықтау болатын. Жаңа ғана аудандық мәдениет үйінде өткізсек, енді аудандық кітапханада өткізіп жатырмыз. Бөлім қызметкерлерінің кигендері түтінге қарсы жаңадан алынған арнайы киімдер мен құралдар, -дейді. Қызметкерлердің оқу-жаттығу жұмысын көріп, әркезде де тосын жағдайларға дайын екендерін байқадық. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

«Қариясы бар ел — қазыналы ел»

Күні: , 298 рет оқылды

11889411_1484266835218228_1239450764925142034_nЖуарда қайырылымдылық айлығы аясында Казталов аудан әкімінің орынбасры Мажитова Зәйлім Исатайқызының бастауымен Орал қаласындағы «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде» және «Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде» тәрбиеленуші ауданымыздың жерлестерімен кездесуге барған болатын. «Қариясы бар ел — қазыналы ел» демекші ақ сақалды аталарымыздың, ақ жаулықты аналарымыздың құрметіне мерекелік концерттік бағдарлама қойылып, мерекелік дастархан әзірленіп, сыйлықтар табысталды. Қариялар өз тарапынан ризашылығын білдіріп, ақ батасын жаудырды. «Көшім балалар мекемесінде» қамқорланушы балаларға аудандық жұмыпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Нұрғалиев модульді психикалық дамыту «Ойыншығын» табыстады.

Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.