АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 26.10.2015


Қариялар басты назарда

Күні: , 494 рет оқылды

12141513_1680134638924951_8870635411072472147_nМүмкіндігі шектеулі жандар айналасындағылардың ықыласына бөленгенді жаны сүйетін, көңіл аударғанын өзін үлкен мәртебе санайтын, біреудің көмегіне зәру кембағал жандарға құрметтің қай түрі де артық етпейді. Қазан айы қариялар мен мүгедектерді қолдау айлығы. Осыған орай 20 қазан күні Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Қазталов аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі әлеуметтік мекемесінде болып, мұндағы тірлікпен танысып, І топ мүгедегі Сергей Зверев пен Марат Есіркеповке қол арба табыс етті. -Елбасының тапсырмасына орай бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан тыс қалдырмау мақсатында қолдан келгенше жағдай жасап жатыр. Қариялар қашанда басты назарда болады,-деді кездесу барысында Самиғолла Сафиоллаұлы. Өздеріне осындай қамқорлық жасағандары үшін Сергей Зверев пен Марат Есіркепов азаматтарға және қариялар үйінің ұжымына риасыз ризашылықтарын, алғыстарын жаудырып, мәре-сәре болды. Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ  Жалпақтал ауылы

Қысқа маусымға деген дайындық деңгейі ойдағыдай

Күні: , 334 рет оқылды

12106978_1680191978919217_1499809644713464740_n20 қазан күні Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, әлеуметтік нысандардың қысқа әзірлік жағдайымен танысты. Аудан басшысы мекемелермен кездесу барысында қысқа дайындықты ерекше назарда ұстауды тапсырды. 2015-2016 жылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Бүгінде Жалпақтал ауылындағы білім ошақтары, мәдениет үйі, аурухана және тағы да басқа нысандар жылу маусымына қазандықтар жөнделіп, жылу берілуде. -Бұған ауданымыздың біраз округтері, елді мекендерін аралап, алдағы қысқа дайын. Биылғы қыс өте қатты боладу деген болжам бар. Сондықтан қысқа сақадай сай болуымыз керек. Олқылықтарды қазірден бастап, жоюымыз қажет,-деді Нұрлан Мағазұлы. Сосын кейбір қазандықтарда газдың иісі шығып тұрғанын жасырмай, Ақпәтер ауылында газдың жоқтығын айтса, газ шаруашылық мекемесінің басшысы Меңдібек Мұқанов профилактикалық жұмыстардың жүргізіп жатқандығын, бүгін іске қосылатындығын жеткізді. Кездесу соңында аудан басшысы Нұрлан Бекқайыр қысқа әзірлікті әлі де нақтылып, мекеме басшыларын біраз тапсырмалар жүктеді. Тұрарбек АҚМУРЗИН, Жалпақтал ауылы

Сайысқа түсіп, республикаға жолдама ұтып алды

Күні: , 280 рет оқылды

12115706_1680448102226938_6137385582154747031_nЖақында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Орал қаласында оқушылар арасында жеңіл атлетикадан сайыс оздырылды. Сайыс жас ерекшеліктеріне қарай екі топта өтті. Жарысқа Ғ.Молдашев атындағы орта мектептің оқушылары 6 сыныптың оқушысы Айшабибі Мұрадымова мен 10 сыныптың оқушысы Жанар Балмашева қатысып, І орынды жеңіп алды. Сонымен қатар жеңіл атлетикадан республикалық сайысқа жолдамаға ие болды. Қос оқушымыз облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен және медальдарымен марапатталды. Алдағы өтетін республикалық сайыста оқушыларымызға сәттілік және жеңісті күндер тілейміз.

Шағын футболдан турнир оздырылуда

Күні: , 318 рет оқылды

12118601_1509976185980626_1320218244900739097_n17 қазан күні аудан орталығындығы «Қайсар» стадионында 1999-2000 жылғы туылған мектеп оқушылары арасында шағын футболдан марқұм Әсет Ғимрановты еске алуға арналған аудандық турнир оздырылуда. Бұл турнирді Әсеттің достары мен өзі қызмет атқарған Қазталов ауданы бойынша кірістер басқармасының қызметкерлері ұйымдастыруда. Айтулы спорттық шараға ауданымыздың ауылдық округтерінен 10-ға тарта команда қатысып, өз бақтарын сынауда. Спортшыларға сәттілік тілейміз! (Турнир қорытындысы мен толық ақпарат «Ауыл айнасы» газетінде жарияланатын болады) Қайрат ЖАҚЫП

Іссапарда көңілге түйгендер, оны шешу жолдары

Күні: , 259 рет оқылды

12111998_1510617655916479_7437100217967015878_n19 қазан күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр мекеме, ұйым жетекшілерімен мәжіліс өткізді. Мәжілісте Талдыапан, Талдықұдық, Болашақ, Қайыңды ауылдық округіне барған іссапары жөнінде айтып өтті. Аудан әкімінің өзі көргеніндей Қособа елді-мекеніндегі бастауыш мектептің құрал-жабдықтарын демеушілер алып бергенін, сонымен қатар бала санының жылдан-жылға көбеюіне байланысты қосымша орын салу қажеттігін де бар екенін атап айтты. Сондай-ақ Талдыапан ауылындағы мәдениет үйінің жөнделуі сын көтермейді. Жеткілікті қаражат бөліне тұрса да, жұмыстарында сапасыздық байқалады. Ал, Хайруш елді-мекенінде тұрғындардың ренішін туғызып отырған мәселе –электр желісінің шығынын тұрғындар қалтасынан төлеудің ешқандай негізсіз екендігі айтылған. Бұны электр торабы тиісті заңдылық тұрғысында шешу мәселесі тұр. Сонымен қатар Хайруш елді-мекеніндегі тоғанды тазарту жақын күндері іске асуы нақты айтылып, тиісті тапсырмалар берілді.
«Ауыл айнасы» ақпарат

Көмек көрсету жөнінде әңгімелесті

Күні: , 220 рет оқылды

12107231_1510617985916446_8840036670554427610_n19 қазан күні қайырымдылық айлығы күндеріне байланысты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев, Қазталов ауылдық округ әкімдігінің мамандары, аудандық аурухананың дәрігері еңбек ардагері Жұмағали Қауыспаевтың шаңырағында болды. Еңбек ардагерінің шаңырағында болғанда оның дәрігерге қаралуы, ем алуы және Орал қаласына емделуге баруға көмектер көрсету жөнінде әңгімелесті. Осындай назар аударылғаны үшін еңбек ардагері рахметін жеткізді.
«Ауыл айнасы» ақпарат

Қайыңдылықтардың бокстағы жеңісі

Күні: , 296 рет оқылды

13-17 қазан күндері Ақсай қаласында 1998-1999 жылы туылған жастар арасындағы «Достық-Дружба» кубогіне арналған бокстан XVIII халықаралық турнир өтті. Турнирге Әзірбайжан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен және Қазақстан облыстарынан 100-ге жуық жас боксшілер қатысты. Осы жарысқа Қазталов ауданы атынан Қайыңды орта мектебінің боксшылары қатысып, жарыс барысында 49 келі салмақта Д.Шарипов, 52 келі салмақта А.Кенжеғалиев, 60 келі салмақта Н.Бақтығалиевтер шаршы алаңда қолғап түйістірді. Жарыс қорытындысында Д.Шарипов пен Н.Бақтығалиев қола медальді қанжығаларына байлап, бокстан Катар астанасы Дохадада өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Данияр Елеусінов ағаларының ізбасарлары екендіктерін дәлелдеп қуантты. Даниярдың ізбасар інілеріне ағаларындай дүбірлі додаларда жеңіс биігінен көріне берулеріне тілектеспіз. 11206101_1511023039209274_1580904253691535467_n «Ауыл айнасы» ақпарат

«Қызыл айдың» қамқорлығы

Күні: , 308 рет оқылды

IMG_664621 қазан күні аудандық «Қызыл ай» қоғамының төрайымы Салтанат Дүйсенғалиеваның ұйымдастыруымен «Қайырымдылық» айлығына орай аудан орталығындағы мүмкіндігі шектеулі 15 балаға демеушілік шарасын өткізді. Айта кетер бір жәйт, аудандық «Қызыл ай» қоғамы Салтанат апамыз келгеннен бері қағаз жүзіндегі ұйым емес, тұрғындармен, соның ішінде көмекке мұқтаж жандардың тұрмысына араласатын ұйымға айналды. Бұл апамыздың елжандылығын көрсетіп тұрған жоқ па?! Бұл ұйымдастырылған қайырымдылық шарасында балаларға мектепке қажетті киімдермен сыйға тартуымен қатар тәтті дастархан да ұйымдастырды. Осындай жарқын көңілмен ұйымдастырылған шараға балалардың ата – аналары риза болса, қолдарына бір – бір сыйлық ұстаған балалардың жүздерінен шаттық күлкісін байқадық. Гүлфия Көшбаева

ДІНИ ТЕРІС АҒЫМНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА

Күні: , 312 рет оқылды

21 қазан күні насихат тобының мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Абзал Садықов, «Ауыл айнасы» газетінің редакторы Серік Жұмағалиев жасөспірімдерді теріс діни ағымдардан сақтандыру тақырыбында Тереңкөл, Бірік орта мектептерінің оқушыларымен кездесу өткізді.10350420_1511333375844907_3793098206873826731_n Кездесуде насихат тобының мүшелері аудандағы діни ахуал туралы және теріс ағымдардан сақтанудың жолдары жөнінде әңгімеледі. Осы кездесуде мектеп мұғалімдері өздерінің толғандырып жүрген сауалдарына да жауаптар алды. «Ауыл айнасы» ақпарат12140647_1511333265844918_2181537365126931963_n

Бағдарламаның тетіктері сараланды

Күні: , 258 рет оқылды

IMG_670522 қазан күні Қазталов ауданында «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру жөнінде семинар өткізілді. Семинар жұмысын аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожин ашты. Семинарда Батыс Қазақстан ғылыми зерттеу институты мекемесінің директоры Үмбетқали Жаңабеков «Жұмыспен қамту 2020 жол қартасы» бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесін проблемалық тұрғыдан сараптау туралы хабарлама жасады. Сондай – ақ осы институттың ғылыми қызметкерлері Амангелді Әміров, Дәурен Кемешев бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері туралы түсініктер берді. Семинар жұмысына қатысқан ауыл әкімдері, осы салаға қатысты бөлім басшылары, мамандар түрлі сауалдарына жауаптар алды. Гүлфия Көшбаева


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.