АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 19.10.2015


Шағын футболдан турнир оздырылды

Күні: , 136 рет оқылды

12074794_1509976422647269_3886991217012961056_n17 қазан күні аудан орталығындығы «Қайсар» стадионында 1999-2000 жылғы туылған мектеп оқушылары арасында шағын футболдан марқұм Әсет Ғимрановты еске алуға арналған аудандық турнир оздырылуда. Бұл турнирді Әсеттің достары мен өзі қызмет атқарған Қазталов ауданы бойынша кірістер басқармасының қызметкерлері ұйымдастыруда. Айтулы спорттық шараға ауданымыздың ауылдық округтерінен 10-ға тарта команда қатысып, өз бақтарын сынады.       Қайрат Жақып12118601_1509976185980626_1320218244900739097_n

ҚЫСҚА ӘЗІРЛІК – ЖАЙБАСАРЛЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ

Күні: , 170 рет оқылды

12107052_1508652056113039_1698376988226956621_n13 қазан күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Қошанкөл, Тереңкөл, Қараоба ауылдық округтерін аралап, әлеуметтік нысандардың, шаруа қожалықтарының қысқа дайындық жұмыстарымен танысты. Расында да «қыстың қамын жаз ойла» дейтін қазақы әдетпен санаулы айларден соң төбе көрсететін қыс мезгіліне бүгіннен қамданған дұрыс. Осыны сапарына мақсат еткен аудан әкімі Беспішен, Ордабай, Қошанкөл, Қараоба, Еңбек, Тереңкөл ауылдарындағы мектептердің, жатақхана, кітапхана мен мәдениет үйлерінің жағдайына қанықты. Биыл салқындық ерте түскендіктен, мектептерде жылу беру басталып та кеткен. -Қыс – қатал сыншы. Сондықтан, жайбарақаттылыққа жол берілмеуі тиіс. Жылу қазандықтарының жағдайын үнемі бақылауда ұстап, барлық білім беру нысандары мен өзге де мекемелер жылу маусымына дайын болуға міндетті. Ал, 15 қазанда жылу беруге толықтай көшу керек. Сондай-ақ жылыту қазандықтары мен оларды ұқыпты ұстауға көңіл бөліңіздер, — деп аудан әкімі тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай аудан әкімі Қошанкөл ауылындағы «Қарлығаш», Қараоба ауылындағы «Арай», Нұрсай ауылындағы «Жігер» балабақшаларына да аялдап, олардың тыныс-тіршілігіне куә болды. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ
 12122823_1508652082779703_4033759910699559109_n

Сот жұмысының есебі

Күні: , 96 рет оқылды

12105848_1509937915984453_3603344681864335148_n16 қазан күні Қазталов аудандық сотының төрағасы Ербол Төлеев 2015 жылдың 9 айлық қортындысы бойынша брифинг өткізді. Төрағаның айтуы бойынша үстіміздегі жылдың 9 айында сотқа 229 әкімшілік іс түсіп, 229 (294) әкімшілік іс қаралған. Әкімшілік жаза қолдану туралы 192 (228) қаулы шығарылып (соның ішінде: айыппұл-58 (82) , қамауға алу-80 (119) , арнайы құқығынан айыру-25 (25), ескерту-28(2), ҚР шегінен шығарып жіберу-1 (1), әкімшілік істі қысқарту туралы 37 (49) қаулы шығарылған. (с.і. ӘҚБтК-тің 8 тарауымен -32) Айыппұл сомасы 1655961 (1063048) теңге құрап, оның ішінде 824512 (516708) теңге айыппұл әкімшілік жауапкершілікке тартылушылардың өз еркімен төленген. Қылмыстық істер бойынша 24 қылмыстық іс түсіп, 20 (26) тұлғаға қатысты 20 (26) қылмыстық іс қаралған, жеке айыптау бойынша 17(2) шағым түсіп, 15 (2) шағым іс жүргізуге қабылдаудан бас тартылған. 2 шағым бойынша қылмыстық іс қозғалған.11218795_1509937962651115_2182645727065596729_n Азаматтық істер бойынша 171 (207) арыз, 1 азаматтық іс түскен (с.і. 124 арыз сот кабинеті арқылы түсті). 1 (2) арыз өндіріске қабылдаудан бас тартылған. 12 (33) арыз кері қайтарылып, 158 (172) арыз бойынша азаматтық іс қозғалған. «Ауыл айнасы» ақпарат

Қыс қыр астында. Әзірлік қалай?

Күні: , 133 рет оқылды

15 қазан күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. 12108762_1509299246048320_2348198745066458706_nМәжілісте мәдени орындардың және білім, тәрбие ордаларының қысқы маусымға әзірлігі жөнінде, — аудандық мәдени демалыс орталығының директоры Қайрат Абдуловтың, аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдиннің хабарламалары тыңдалды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Ардагерлер арасында теннистен сайыс

Күні: , 116 рет оқылды

14 қазан күні «Қайырымдылық» айлығы аясында ардагерлер арасында үстел теннисінен сайыс өткізілді. Құрметті еңбек демалысында жүрсе де, ардагерлер спорттан қол үзіп көрген жоқ. Олардың салауатты өмір салтын ұстануы – жастарға үлгі болғандай. Бұның өзі жастары 70 – ті алқымдап қалса да, ракетканы қолға ұстап, тез, ширақ қимылдауларынан байқалды. Нәтижесінде қараобалық Амангелді Молдашев 1 орын, қазталовтық Уәлиолла Әбішев 2 орын, ал ақпәтерлік Ернияз Құспанов 3 – інші орынды иеленді. Сайысқа қатысқан ардагерлердің барлығына да алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Гүлфия Көшбаева

«Ашық есік» күні өткізілді

Күні: , 142 рет оқылды

13 қазан күні Қошанкөл ауылдық округінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Ашық есік» күні өткізілді. Ашық есік күніне «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, аудандық мәслихат депутаты IMG_6133Мейірбек Рамазанов қатысты. Ашық есік күнінде аудандық партия филиалының өкілдері әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Бұдан кейін ауыл активімен кездесу жиналысында Қошанкөл ауылдық округі «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мирбол Адаялиев партия ұйымында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабарлама жасады. Қазіргі күнде бастауыш партия ұйымында 115 мүше бар. Республикалық интернет сайтта ұйымның 5 жұмысы жарияланып, таратылуда. Сондай – ақ биылғы жылы «Болашаққа салым саламыз» акциясы негізінде 2 асыраушысы жоқ балаға есеп шот ашылып, қамқорлық көрсетілуде. Бұл бастауыш партия ұйымының жұмысы аудан көлемінде үлгілі деуге болады. Ашық есік күнінде 3 адамға партиялық билеттер табысталды. Гүлфия Көшбаева


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.