АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 12.10.2015


Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Күні: , 182 рет оқылды

  • 9 қазан күні аудан орталығында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орыны жәрмеңкесі өткізілді.
  • 12107927_1507054642939447_4030078673396748360_n Өткізілген жәрмеңкеде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожин, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов, — жұмыс беруші ұсынып отырған жұмыс орындарына барынша орналасу мүмкіндігін пайдаланып қалыңыздар. Қазіргі күнде ауыл шаруашылығы саласына жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Ал одан келетін табыс та мол. Осы істі сіздер жалғастырсаңыздар тұрмыстарыңыз да жақсарары сөзсіз, — деді. Жәрмеңкеде 69 жұмыс орыны ұсынылды. Олардың ішінде малшы, кіші қызметкер, мұғалім, дәрігер басқа да мамандықтары бойынша сұраныстар болды. Гүлфия Көшбаева

Мекемелер сенбілікке шықты

Күні: , 156 рет оқылды

  • 10 қазан күні ауданымызда өткізіліп жатырған тазалық айына байланысты мекемелер сенбілікке шығып, ауыл айналасын және көшелерді тазалады.

12065526_1507476549563923_578940831341772505_n Сонымен қатар жеке тұрғындар да үйлері мен аулаларын тазалауда. Баршамызға үлгі болатын азаматтар да жоқ емес. Солардың бірі — Әуезов көшесінің тұрғындары Ізмағамбетов Кәримолла мен Айдынғалиев Ғимранды атап айтуға болады. Әр апта сайын үлерінің айналасын жинастырып, жиналған қалдықтар мен қоқыстарын машинамен шығарып тұрады. «Ауыл айнасы» ақпарат


«Таза жағалау» акциясы өтті

Күні: , 234 рет оқылды

12079423_1507628959548682_1061472691245405881_n10 қазан күні Қазталов ауылы әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Ә.Жангерей, А.Оразбаева ожбб мектебінің мұғалімдері Л.Жасқалиева, Қ.Аяповтың ұйымдастыруымен мектеп оқушылары «Таза жағалау» акциясын өткізді.

Акция аясында Қазталов ауылының Қарасу тоғаны жағалауларына тазалық жұмыстары жүргізілді. Бірлескен, игілікті жұмыстың нәтижесінде оқушылар жұмыстарын сапалы және тез орындап шықты. Нәтижесінде Қарасу жағалауы қоқыс-қалдықтардан тазарып, жаңғыртылып қалды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.