АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 08.10.2015


Азық-түлік бағасы — басты назарда

Күні: , 426 рет оқылды

8 қазан күні аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожиннің төрағалық етуімен азық-түлік таурлары бағасын тұрақтандыру үшін құрылған аудан әкімдігі жанындағы комиссияның мәжілісі өткізілді.

12079936_1506757949635783_4401665739144004240_o Бүгінгі күнде ұлттық валютаның еркін айналымға жіберілуіне байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүзеге асырылуда. Осыған орай ауданымызда да азық-түлік тауарларының бағасының жоғарылап кетпеуіне күн сайын мониторинг жүргізілуде. Сонымен қатар азық-түлік тауарларын сататын кәсіп иелеріне түсінік жұмыстары жасалып жатыр. Басты мақсат — қалай еткенде де халықтың күнделікті азық-түлік тауарларын сатып алуда қиындықтар келтірмеу. Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


«Жас барыс» турнирі

Күні: , 838 рет оқылды

12120050_1506353323009579_4389471189620923026_oҚазақ күресі – нағыз текті күрес түрі. Балуандардың жауырыны толық жерге тисе ғана таза жеңіс болып есептелінеді. Ол нағыз білек күші бұлқынған, қарсыласының жігерін құм қылған апайтөс алыптардың күресі. Қазталов ауданы палуандары талай байрақты додаларда топ жарып жүргені баршамызға аян.

Осы орайда 7 қазан күні аудандық спорт кешенінде мектеп оқушылары арасында қазақ күресінен «Жас барыс» турнирі оздырылуда.

Ауданымызда тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл турнирге ауылдық округтерден 50 тарта жас палуан қатысып, бақтарын сынауда. Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.