АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: Август, 2015


Ауыл жастары қайырымдылық іс атқарды

Күні: , 320 рет оқылды

    Өткізіліп жатырған «Қайырымдылық айына» байланысты «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында 5 қазан күні Қазталов ауылының белсенді жастары ауыл тұрғыны, еңбек                      ардагері           Жұпар          Мұхамбетоваға қол ұшын созды. Қарияның үйін және ауласын тазалап, қайырымдылық шарасын жасады.

12045249_1505795336398711_8502240100044668970_o

Сонымен қатар еңбек ардагеріне жастар атынан ескерткіш сыйлық табыс етті. Жастардың осындай қайырымдылық ісі үшін еңбек ардагері алғысын білдіріп, батасын берді. Қайрат ЖАҚЫП


Спортшыларымыздың жетістіктері

Күні: , 276 рет оқылды

12113338_1506034089708169_5804937777785252055_oЖастайынан алдына мақсат қойып, өз жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан жас спортшыларымыз өзінің ғана емес, өз жері мен елінің намысын талай сын додаларында қорғап жүр. Бұл ұландарымыздың спортқа деген қызығушылығы бала кезінен жоғары болған. Жастайынан алға қойған мақсаттарына жету үшін көп еңбек етті. Балалық шақтың ойын кездерінде спорт залда тер төккен ұлдарымыздың, биікте тұрып еліміздің мерейін көтерер алар асуы мен белестерінің алғашқы жетістіктерін көріп отырмыз. Сол жеткен кебір жетістіктерді сараптай кетсек. Жас футболшыларымыз Орал қаласында шағын футболдан 2001-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен облыстық мектептер лигасына қатысып, жүлделі үшінші орын алды. Ал, Атырау қаласында өткен бокстан республикалық турнирде жас боксшыларымыз Тұрарбек Қалиев чемпион атанып, «Үздік боксшы» деген атаққа ие болса, Наурызбек Есенов қола медальға қол жеткізді. Шәкірттерін осындай нәтижелерге жеткізіп отырғаны спорт мектебінің жаттықтырушылары футболдан Сағындық Тоясов, бокстан Асыланбек Сармалаевтың еңбектерінің жемісі деп білеміз. «Ауыл айнасы» ақпарат


Облыстан бірінші орын алды

Күні: , 208 рет оқылды

1 – 2 қазан күндері Орал қаласында «Өрттен құтқарушылар» арасында облыстық сайыс өткізілген болатын. Аталған жарысқа біздің ауданнан және облыс бойынша 18 команда қатысты. 11059863_1506108213034090_6209301834467071754_nЕкі сатыдан құралған «Шабуыл сатысымен» төртінші қабатқа көтерілу, «Жауынгерлік қанат жаю» жарысында №19 — өрт сөндіру бөлімінің бөлім басшысы Жарас Қаженов, бөлім қызметкерлері Альбет Хайрбаев, Әділбек Өмірзақов, Төлеген Бупешов, Жандос Садық, Асылбек Жәнібектің шеберліктерінің арқасында «Шабуыл сатысымен» төртінші қабатқа көтерілуден III-інші орын, «Жауынгерлік қанат жаюдан» I- інші орын алды. Жалпы жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын алып, облыстың ауыспалы үлкен кубогін жеңіп алды. Бұл №19 — өрт сөндіру бөлімінің аталған жарыста I- інші орын алуы үлкен жетістік. Олай болса өрт сөндіру ұжымына кәсіби шеберліктері арта берсін, болашақта топ жарып аудан мерейін асқақта беріңдер! — демекпіз. Өйткені облыстық жарыстарда ауданның өрт сөндіру бөлімі бұрын — соңды жеңіс тұғырынан көрінбеген екен. Гүлфия Көшбаева


Өз кәсібін ашуда

Күні: , 187 рет оқылды

12095069_1506702089641369_5719005658819451230_oЕлімізде өндірістік әлеуетін дамуына, жаңа кәсіп ашуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалып отыр. Соның бір айғағы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттен қаржылай несие алып, өз кәсібін ашып жатырған Қазталов ауданының тұрғындары көптеп саналады. Солардың бірі Қазталов ауылының тұрғыны Арайлым Қабылхайыр. Жуырда Кәсіпкерлер палатасының Қазталов аудандық филиалының қолдауымен, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 7674000 теңге несие алып, өз кәсібін ашты.

Арайлым жетекшілік ететін «Сабира» жеке кәсіпкерлігі «Көбікті бетон өндірісі» инвестициялық жобасын іске асырып, қызмет жасауда. Бұл өндірістің аудан көлемінде бірінші рет қолға алынып отырғанын атап айтуға болады. Үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып, «Көбікті бетон» тастарын жасап жатыр. «Ауыл айнасы» ақпарат


Сәбилер де, үлкендер де Шәмші әндерін шырқады

Күні: , 250 рет оқылды

Akjayik-Shamshi-243x350Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әндерін насихаттау мақсатында Ақжайық ауданының Тайпақ ауылындағы «Балбұлақ» мектепке дейінгі ұйымында бүлдіршіндер арасында осындай атпен сазды бағдарлама өткізілді. Әр топтан өнерлі балалар ортаға шығып ән шырқады. Атап айтсақ, Еркеназ Шынаева «Туған жер», Ералы Байбатыров «Ойлан, тап», Шыңғыс Батыр мен Әсемай Әубәкірова «Мен ауылға барамынды» әуелетсе, сахнаға үлкендер де шықты. Ата-аналар Ш.Қалдаяқовтың халыққа белгілі, қаншама жыл өтсе де ұмытылмайтын, ескірмейтін туындыларын сүйсіне шырқады. «Балбұлақтың» тәрбиешілері Жансұлу Сәрсенғалиева мен Әлия Байтімова «Ана туралы жырды» әуелеткенде де оларға бүкіл ауыл қосылғандай болды. Сәбилер әйгілі композитор туралы сұрақтарға жауап берді.

Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.