АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар


«ИБАТШЕГЕНДЕГІ» ИБАТОВТЫҢ ТАБЫСЫ

Күні: , 108 рет оқылды

Жарықтық, Сарыөзеннің бойы мал бағуға қолайлы жер ғой. Осы жерде «Ибатшеген» деген мал қыстағы бар. Сол орынға Есенгелді Ибатов деген азамат » Наурыз-97″ шаруа қожалығын құрып, шаруасын дөңгелетуде. 20 жылдың ішінде адал еңбегінің нәтижесін көріп отыр. Ол мал өсірудің, оның табыс көзіне жетудің бірден-бір көзі- мал тұқымын асылдандыру. Қожалықтағы 256 бас ірі қараның 90 бас аналығынан 90 бұзау алса, қой-ешкі 700-ге, жылқы 300 басқа жетіп отыр. Есенгелді ағамыз биылғы жылы «Ангар» деп аталатын мал қорасын және арнайы малға ветеринарлық сауықтыру жұмыстарын жүргізетін орын да салып алды. Сарыөзен бойын малға толтырып жатқан Есенгелді ағаның толағай табыстары әлі алда деп білеміз. (Фотода ұлы Медет)

Гауhар ӘДІЛЖАН


7 ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ СКВАЖИНАНЫҢ РАХАТЫН КӨРУДЕ

Күні: , 114 рет оқылды

Қазiргi таңда елімізде ауыл шаруашылығына тиесiлi жер ресурстарының 70 пайызы мал бағатын жердiң үлесiне тиесілі екен. Яғни, бiр малдың басына шаққанда 20 гектар жер көлемi бар деген сөз. Бұл дегенiмiз — болашақта индустриялды-инновациялық дамыған, алдыңғы қатардағы аграрлық мемлекет болуға бiздiң толық мүмкiндiгiмiзді көрсетеді. Осындайда жайылымдарды суландыру мақсатында жер асты суларын пайдаланудың неғұрлым сенімді және экономикалық жағынан тиімді әдісі – скважиналар (түтік, труба тәрізді құдықтар) салу. Олардың тиімділігі мынада: кіші диаметрлі және шағын мөлшерде болып, тез салынады. Біздің ауданымыз шөлейтті аймаққа жататыны белгілі. Осы жағдайға байланысты атакәсіппен айналысып отырғандар мал үшін судан зәру көретін еді. Енді соның шешімі табылып жатыр деуге болады. Ол жоғарыда айтқан жер асты суларын скважиналар арқылы пайдалану іске асырыла бастады. Соның бір айғағындай биылғы жылы ЖК «Бурсервис» арқылы шаруа қожалықтары 7 скважина құдық қазып алып, адамға да, малға да қажетті тұщы суға қол жеткізіп отыр. Біз барғанда «Миалы» шаруа қожалығының жетекшісі Өтепберген Бегжанов өзінің қыстағында скважина қаздырып жатыр екен. ЖК «Бурсервистің» жетекшісі Олег Иванов былай деп әңгімелейді: -Осыменен 7 шаруа қожалығына құдық қазып беріп отырмыз. Мына қазылып жатырған құдық 35 метр тереңдіктен асты. Тұщы судың көзіне жету де жақындап қалды. Жалпы біздер жер асты тұщы суының көзіне жету үшін 200 метрге дейін қазу жұмысын жүргізуге мүмкіндігіміз бар, -деді. Бұдан кейін Тереңкөл ауылдық округіне қарасты Базарбек Дүрленовтің және Әбуғали Ғұмаровтың скважиналарын да көзімізбен көруге мүмкіндік туды. Базарбек Дүрленов 60 және 28 метрден шыққан тұщы су көзін пайдаланып отырса, ал Әбуғали Ғұмаров 50 метрден шыққан тұщы су көзін тек малға емес, заманауи салынған үйге де жалғап алыпты. Былайша айтқанда бұл шаруа қожалықтары өздерінің «Ақбұлақ» бағдарламасын «іске асырған». Бізді іссапарға алып шыққан аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов, -Ауданымыздың барлық шаруа қожалықтарына үкіметіміз жасап отырған жайылымды суландыру жүйесі бағдарламасын пайдаланып қалуды айтудамыз. Егер шаруа қожалықтары орналасқан жерде тұщы су көздері табылып, осындай скважина орнатып алса өте тиімді болады және осы жұмысты атқаруға кеткен шығынның 80 пайызын өтеуге үкімет субсидия төлейді, -деп әңгіме басын қайырды. Жер астынан арнайы труба арқылы мөлдіреген тұщы суды жылқылар мейірлене ішіп жатқанын және оның үйге кіріп тұрғанын көргенде ауыл шаруашылығы салсында үлкен бетбұрыстың жасалып жатқанына көзіміз жетті.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


2017-2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАН БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

Күні: , 110 рет оқылды

15731765_226344194442143_7700427332970924777_o27 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 8-ші сессиясы өтті. Сессияда ауданның 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті бекітілді. Сонымен қатар «Қазталов ауданыныің құрметті азаматы» атағына лайық деген азаматтар да анықталды. Аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Жанболат Темірғалиев 2017-2019 жылдарға арналған бюджет туралы қысқаша мағлұмат беріп өтті. -2017 жылға аудан бюджеті 5 миллиард 942 миллион 120 мың теңге болып бекітілді. Оның ішінде өз кірісіміз – 1020 831 мың, субвенция – 3 841784 мың теңге. Республикалық трансферттер – 818 684 мың, облыстық трансференттер – 260 357 мың. 2016 жылдың бекітілген бюджетпен салыстырғанда 28%, ал өз кірісіміз 39,8 % өсіп отыр. Облыстық және республикалық трансферттердің басым бөлігі даму бюджетіне беріліп отыр. Атап айтсақ, Қазталов және Жалпақтал ауылдарын сумен жабдықтауды жалғастыру, Жаңажол, Бостандық, Қайыңды, Ақпәтер, Талдыапан, Сарықұдық, Қайшақұдық және Қособа елді мекендерін сумен қамту жұмыстарын бастауға, -деді Жанболат Серікқалиұлы.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН МЕКТЕП

Күні: , 160 рет оқылды

14991427_208900112853218_2443147733942415871_o15042138_208900019519894_4008775184615112606_o 15000189_208900732853156_7207088739636527463_o 9 қараша күні ауданымызға қарасты Тереңкөл ауылдық округінің орталығы Нұрсай ауылының тұрғындары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту болған тағы да бір қуанышты сәттің куәгері болды. Нұрсайлықтардың басын ауыртатын мәселесіне айналған – Тереңкөл орта мектебі. Бұл білім ордасы іргетасы қаланғаннан бері жөндеу көрмеген еді. Биылғы жылы күрделі мәселенің түйіні шешіліп, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы», «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 162 млн. 636 мың теңге қаражат бөлініп, Тереңкөл орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстарын «Батыс Строй Сервис» ЖШС жүргізіп, уақтылы тұрғындардың пайдалануына берді. Жөндеуден өткен мектептің іші жылы және жарық. Қазіргі заманға сай жылыту жүйесі мен ауызсу тартылған. Мектеп жанындағы интернаттың да жөндеу жұмыстары сапалы орындалғанын байқауға болады. Күрделі жөндеуден өткен мектептің жәйімен танысқан облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев мердігер жұмысына оң бағасын берді. Күрделі жөндеуден өткен бұл мектеп болашақта оқушылардың сапалы білім алуына негіз болатыны сөзсіз.

Қайрат ЖАҚЫП


НҰРСАЙҒА АУЫЗСУ КЕЛДІ

Күні: , 146 рет оқылды

14976736_208884126188150_2584992714787408981_o15042244_208884159521480_1368278197531152598_o 15016183_208884209521475_9221872004286744547_o Елімізде ерекше назарға алынған мемлекеттік саясаттың бірі – қазақстандықтарды сапалы әрі таза ауызсумен қамтамамсыз ету. Осыған орай, 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік «Ақбұлақ» салалық бағдарламасы қабылданған болатын. Оны жүзеге асырудың нәтижесінде елді мекендерді орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету, суды есептегіш құралдарды қалалық және ауылдық жерлерде орнату, жерасты суларына зерттеу жұмыстарын жүргізу шаралары қарастырылған. Бүгінде бұл бағдарлама табысты жүзеге асуда. Соның бір айғағындай 9 қараша күні Қазталов ауданы Тереңкөл ауылдық округінің орталығы Нұрсай ауылында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша таза ауызсуы тұрғындардың пайдалануына берілді. Осыдан үш ай жарым уақыт бұрын басталған құрылыс жұмыстарын «Құрылыс Газ» ЖШС мекемесі жүргізген болатын. 249 млн 835 мың теңгені құрайтын бұл жобаның арқасында 135 ауласы бар нұсайлықтардың 126 ауласына ауызсу жеткізілген. Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің бұл жобаның мерзімінен бұрын аяқталыуна қосқан еңбегін айта кеткеніміз жөн. Тамыз айында ауданымызға келген өңір басшысы осы жобаның құрылыс жұмыстарымен танысып, жетпеген қаржыны аударуға ықпал жасаған болатын. Құрылыс нысанының ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев,- бүгінгі жобаның іске қосылуы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына үлкен тарту болды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында осындай ауылдарға көгілдір отын, ауызсу тартылып тағы да басқа халыққа қажетті мәселелер шешімін тауып жатыр. Баршаңызды бүгінгі қуаныштарыңызбен құттықтаймын!- деген тілегін жеткізді. Сондай-ақ салтанатты шарада ауыз су жүйесінің құрылыстарын жүргізген бас мердігер «Құрылыс Газ» ЖШС-нің директоры Қаримолла Жақыповқа аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр алғыс хат табыстап, Нұрсай ауылының тұрғыны, «Кең дала» шаруа қожалығының жетекшісі Әбуғали Ғұмаров өз атынан жылқы малын сыйға тартты.

Қайрат ЖАҚЫП


НЕСИЕГЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

Күні: , 90 рет оқылды

14876691_202625373480692_4740618712031350399_o26 қазан күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімінің отырысы өтті. Отырысқа ауылдық округтер әкімдері, мекеме, ұйым басшылары қатысты. Отырыста ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы негізінде 9 ай ішінде атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша аудандық халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Жүсіп Шакуов хабарлама жасады. Елімізде халықты жұмыспен қамту бағытында түрлі бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Солардың ішінде «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жастар практикасы» сынды бағдарламалар бар. Сонымен қатар шағын кәсіп ашып, табыс табамын деушілерге мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиелер де берілуге. Бірақ осы несиені алып, кәсібін кеңейтіп, ал алған қарызын қайтармай жүргендер қатары көбейіп отыр. Ауданымыз бойынша шағын кәсіп ашу үшін қарыз алғандар мемлекетке 6 миллион теңге көлемінде берешек. Осы мәселелер бойынша Талдықұдық, Болашақ ауылдық округтерінің әкімдері Ақмарал Қуанышқалиева, Қоблан Дүйсеков жарыссөзге қатысып, несиені кері қайтаруда кездесіп отырған кедергілер жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің несие бөлімі жетекшісі Талап Бисембаев қайтарылмай жатырған несиелер бойынша алынып жатырған шараларға тоқталды. -Қарызы қордаланып отырғандардың бірі де – Қазталов ауданы. Аудан несиені қайтармау жағынан облыс бойынша алғашқы орындарда тұр. Егер қарызды алушылар ерікті қайтарудан бас тартса, сот арқылы мәжбүрлеп өндіруді қолға аламыз. Кепілге қойған мүлкін тәркілеп, сатуға қоямыз. Әрине кепілдегі мүлік арзанға бағаланады, -деді ол. Отырыста сондай-ақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов елімізде мал шаруашылығын дамыту мақсатында қолға алынған «Береке» бағдарламасы жөнінде хабарлап өтті. Жиналыс соңында қаралған мәселелер бойынша шешім қабылданып, аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне несие алушылар арасында түсінік жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНЫМЫЗДА

Күні: , 80 рет оқылды

14711632_200204260389470_3870046150443140229_o 14713038_200204117056151_7831778860035048164_o21 қазан күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев Қазталов ауданына арнайы іссапармен келді. Өңір басшысының орынбасары сапарын ауданымыздың Талдыапан ауылдық округінен бастады. Округтегі ауызсумен жабдықтау жобасымен танысты. Қазталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Айбек Керешов сумен жабдықтау жүйесін карта арқылы түсіндіріп берді. Бүгінде Талдыапан ауылдық округінің сумен жабдықтау жобасының жалпы сметалық құны 820,625 мың теңге. Ал 2017-2018 жылдары Қособа, Талдыапан, Сарықұдық, Қайшақұдық елді-мекендерін сумен жабдықтау жобасына 363,000 мың теңге қаражат қарастырылған. Сонымен қатар Чапаев-Жалпақтал-Қазталов жол жөндеу жұмыстарымен танысқан өңір басшысының орынбасары Бағдат Оразалдыұлы Жалпақтал ауылында болды. Облыс әкімінің орынбасары С.Датұлы көшесіндегі төрт пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұрынғы құрылысы аяқталмай қалған әскери ғимаратқа аудандық бюджеттен 26 млн. теңге қаржы бөлініп, бос тұрған нысанның қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Алдағы айда төрт пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Жалпақтал ауылдық округі мен Қараөзен ауылдық округіне жалпы сметалық құны 384,690 мың теңге тұратын су құбырын қайта құру жобасымен танысты. 2017-2018 жылдары Жалпақтал ауылдық округіне 176,000 мың теңге қарастырылса, күні бүгін 10 млн. теңге қаражат бөлініп отыр. Ал аудан орталығы Қазталов ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта құруға 244,606,2 мың теңге қарастырылған болса, соның ішінде 62022,0 теңге қаражаты иегерілген. Ал қалған 182584,2 мың теңге қаражат келер жылдың еншісінде игерілмек екен. Сондай-ақ ауданымыздың газдандыру жүйесімен танысты. Бүгінде ауданымыздың 29 елді мекені көгілдір отынның пайдасын көре алмай отырғандығын айта кеткеніміз жөн. Бүгінде бұл елді мекендерге техникалық-экономикалық негіздері жасақталып, келер жылдың еншісінде қаржы бөлінсе жобалық сметалық құжаттары жасақталмақ. Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев сонымен қатар аудандық спорт мектебінде болып, жөндеу жұмыстары жүргізілген спорт мектебінің жай-күймен танысты. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының ауданымызға іссапар кезінде аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бекжанов, бөлім басшылары бірге жүрді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


АУЫЛҒА «АҚБҰЛАҚ» КЕЛДІ

Күні: , 106 рет оқылды

13886224_1634018433576400_3480041236433135748_n 13912485_1634018783576365_4680679120234663505_n 13935067_1634017226909854_9179938468082766212_nТаза ауыз су – адам денсаулығының кепілі. Үкімет соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын, білімі мен денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламаларды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның ең өзектісі – ауыз су мәселесі болып табылады. Бұл мәселені Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған әр жылдардағы Жолдауының басым бағыттарының бірі ретінде қарастырып жүр. Сондықтан да осы мәселені шешудің маңызды бір жолы ретінде елімізде Елбасының тапсырмасымен «Ақбұлақ» бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл бағдарлама өзінің алдына қойылған міндеттерді орындап, халықтың қолын орталықтандырылған таза ауыз суға жеткізу барысында бірқатар түйінді мәселелердің оңды шешілуіне ықпал етті. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауданымызда да тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, Қазталов және Нұрсай ауылдарына осы бағдарлама арқылы таза су тарту жұмыстары басталып кетті. «БатысГазСтрой» ЖШС жүргізіп жатырған жұмыстарға Қазталов ауылы бойынша 61 млн. 74 мың 700 теңге, ал Нұрсай ауылына 61 млн 617 мың 300 теңге қаржы бөлінген. Қазіргі күнде Қазталов ауылының Тәуелсіздік және С.Сейфуллин, Қ.Жақыпов, Б.Момышұлы атындағы көшелеріне құбырлар тартылып, құдықтар орнатылуда. Ал Нұрсай ауылында «Апандыой» жер асты су бассейінен 11 шақырымдай құбырлар тартылып, ауылға су кіргізу жұмыстары жүруде. Сондай-ақ «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы су тарту жұмыстарына халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 адам жұмысқа тартылған. Енді міне, жақын арада қалалықтар секілді қазталовтықтар мен нұрсайлықтар да үйде отырып-ақ мұздай және ыстық судың игілігін көретін болады.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


БАУ-БАҚШАСЫН БАПТАҒАН ҒАРИФОЛЛА АҒА!

Күні: , 168 рет оқылды

13719474_1629061564072087_2711810792200566761_o 13725003_1629061420738768_3314414362619731164_o 13735694_1629061604072083_9058914288593539420_oҚазіргі күнде қай жерде болмасын дүкен сөрелерінде жеміс-жидектердің түр-түрі самсап тұр. Тіпті, керек десеңіз олардың ішінде жеуге жарамдысы да бар, жарамсызы да бар. Жазғытұры болғасын жерде ауыл тұрғындары күнделікті тамақты қияр мен қызанақсыз елестете алмайды. Ал, осыларды алайын десе, дүңгіршіктердегі баға қарыштап тұр. Бүгінгі күнде адамдар ата-бабаларымыз сияқты мал өсіріп, егін егіп, бау-бақша баптап өсірсе нағыз еңбектің дәмін сезер еді. — Еңбек етсең бәрі де болады, — деген қағиданы ұстанған біздің кейіпкеріміз Ғарифолла аға бүгінде еңбегінің жемісін көруде. Қазталовтық Ғарифолла Ғаббасов 2014 жылы «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасымен 1,5 млн несие алып, бау-бақша өсірумен айналысады. Сол жылдан бастап ағамыз бақша дәндерін егіп, өз жұмысын бастап кетеді. — Мен осы кәсіппен айналысқаныма 2 жылдың үстінде уақыт өтті. Жазғы мезгілде ағайындарымның балалары мен өз қыздарым келіп, аптасына 2-3 рет көместесіп отырады. Әрине, бақшаны баптап өсіру оңай шаруа емес. Оның қалай күтсең, саған да солай дәмін сездіреді. Айналысындағы арам шөптерін жұлу, әлсін-әлсін суарып тұру – барлығы да үлкен жауапкершілік пен ерінбей еңбектенуді қажет етеді. Қазіргі күнде бақшамда қияр, қызанақ, сәбіз, картоп, қызылша, асқабақ, қауын, қарбыз, күнбағыс, пияз тағы да басқа өнімдер өсуде. Осыларды күн-түн демей қарап тұру үшін, өзіме жазда тұруға ыңғайлы кішкентай үй салып алдым. Жаз бойы бау-бақшамыздың қасында болып, оны күтіп баптауға бар күш-жігерімді жұмсаймын, -дейді Ғарифолла ағамыз. Иә, Сарыөзеннің жағасында орналасқан бұл жер – нағыз табиғаттың мекені деуге болады. Себебі, айналысында құстардың сайраған әндері мен самал жел соққан өзеннен жанына рухани ләззат аласың. Тіпті, тамылжыған табиғат аясынан өлеңге деген құштарлығын оянып, тұншыққан өмірден өзіне бір сая табатындайсың. Міне, Сарыөзеннің жағасын бау-бақшасына мекен еткен Ғарифолла ағамыз бен Нұржамал апамыздың жылы шырайлы жүздеріне таңдана қарадық. Туған өлкенің қара топырағымен нәр алып жатқан жемісінің дәмін татқан қандай ғажап десеңші?! Нағыз тәтті өмірдің дәмі де осы шығар!

Жұлдыз АСҚАР


ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ АЯҚТАЛУ МЕРЗІМІ – 25 ТАМЫЗ

Күні: , 134 рет оқылды

13661869_1627608004217443_874920727928795343_o 13734986_1627608070884103_1390816647123283068_o 13737464_1627607910884119_3119315511267539561_oАуданымыздағы Тереңкөл ауылдық округінің орталығы Нұрсай ауылығындағы жалпы білім беретін орта мектеп 30 жылдан астам уақыттан бері күрделі жөндеуден өтпеген еді. Осы жылдар аралығында облыс, аудан басшылықтарының алдына талай рет мәселе етіп те қойылды. Түрлі себептермен күрделі жөндеу жұмысы кейінгіге ысырылып қалып жүрді. Биыл аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр халық алдындағы есепті кездесуінде қалайда үстіміздегі жылы бұл мектепті күрделі жөндеу жоспарына енгізетінін уәде еткен болатын. Қазіргі күнде бұл жұмыс атқарылып жатыр. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 162 млн. 636 мың теңге қаражат бөлініп, «Батыс Строй» ЖШС жөндеу жұмысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 60-қа жуық жұмысшы тартылса, соның 27-сі «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жұмысқа тартылып отыр. Бір айдан бері атқарылып жатырған жұмыстардың сапасын бақылау мақсатында 20 шілде күні аудандық қоғамдық кеңес және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының фракция мүшелері Нұрсай ауылында болып қайтты. Өкілдердің байқағанындай жөндеу жұмысы қарқынды жүруде. «Батыс Строй» ЖШС жетекшілерінің айтуынша жөндеу жұмыстары тамыздың 25- не дейін бітетін болады. Көзіміз көргендей жөндеу жұмыстары сапалы атқарылуда. Сондай-ақ құрылыс материалдарының да сапасы жақсы екені көрініп тұр. Қоғамдық ұйымдардан барған өкілдер жөндеу жұмысын жүргізіп жатырған құрылысшыларға өз кеңестерін берді.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.