АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар


РӨЛДІ ҰСТАУҒА ҚҰҚЫ БОЛМАСА ДА, КӨЛІК ЖҮРГІЗІП, ТӘРТІП БҰЗДЫ

Күні: , 36 рет оқылды

17634543_258420441234518_3705686867412605855_nЧапаево-Қазталов-Жәнібек күре жолына қара жамылғы (асфальт) төселуі халық үшін қуанышты жағдай болып отыр. Қазіргі күнде Жалпақтал ауылына дейін көзді ашып-жұмғанша келіп қалып жатамыз. Алайда жолдың жақсаруы жол- көлік оқиғаларына да себепші болып жататынын жасыруға болмас. Жүргізушілер жылдамдықты асыра пайдаланып, түрлі оқиғаларға душар қылып жатады. Қазталов аудандық сотында қаралған 2 ақпан 2017 жылы Жалпақтал-Қазталов тас жолының 200-ші шақырымында келе жатырған азамат Н. Vollkswagen Passat маркалы аутокөлігімен жол жүру ережелерін бұза отырып, азамат Ж-ның аутокөлігіне соқтығысып, материалдық залал келтірген. Сондай-ақ азамат Н. бұдан бұрын көлік жүргізу куәлігінен айырылған екен. Қазталов аудандық соты Н-ны ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, осы бап бойынша оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни: 45 380 теңге айыппұл салу туралы қаулы етті. Ал 25 ақпан 2017 жылы азамат С. түні бойы қонақтықта болып, ішімдікке бой алдырған. Таңертең тұра сала тумасының ВАЗ 21140 маркалы аутокөлігін айдап шығып, С.Садықов көшесінің бойында жол ережесін бұзған. С. бұдан бұрын 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Қазталов аудандық соты С-ны ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, осы баппен 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырып, 200 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жөнінде үкім етті. (Материалдар аудандық соттан алынды)

Әсем БОЛАТ


ҮЙДІҢ ШАТЫРЫН ТӨҢКЕРІП ТАСТАДЫ

Күні: , 38 рет оқылды

17636815_257793437963885_4177635972348763254_oБір аптадан бері Қазталов ауданында қатты жел тұрып, біресе жаңбырын, біресе қарын әкеліп, адамдарды мазалап тұр. Ал бүгін 29 наурыз күні таңертеңгі 7:00-ден солтүстік батыстан басталған қатты жел сағат 12-лерде күшейе түсті. Нәтижесінде Қазталов ауылының Шарафутдинов көшесінің №9 жеке кәсіпкер Сәуле Омарованың үйінің (дәріханасы бірге) шатырын қатты жел төңкеріп тастады. Абырой болғанда зақымданушылар жоқ. Ал төрт пәтерлік үй болып есептелетін бұл ғимаратты осыдан екі жыл бұрын тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы бойынша жөңдеу жұмысы жүргізілген екен. Үй иесінің айтуы бойынша бұл жөңдеу жұмысына 4 млн. үстінде қаражат жұмсалыпты. Жаңғыртудың сапасы екі жылға жетпей жатқанына қай мекеме жауапты екен?

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.